Шымкент 2 жылда 1 триллион 140 миллард теңге инвестиция тартпақ

Айбек Ережеп

  • 17.04.2021

Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысында «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылатыны және шаһарға алдағы екі жылда 1 триллион 140 миллард теңге инвестиция тартылатыны айтылды. Осы мақсатқа жету үшін қала М.Әйтенов жауапты басшыларға қатаң тапсырма берді.

Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтың баяндауынша, биыл 157,0 млрд теңгеге 47 жоба (2,5 мың жұмыс орны) жүзеге асырылады екен.  Тарқатып айтсақ,  қайта өңдеу өнеркәсібінде 20, ауылшаруашылығында 2, сауда саласында  6, білім саласында  6, тұрғын үй құрылысында  7, көлік саласында 1 жоба іске асады.

Дегенмен, осы жобалардың жүзеге тезірек асып кетуіне кедергілер де бар екен.  Мәселен, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару ісі уақыт созып жатса, инфрақұрылым жеткізуде де бірқатар кедергілер қол байлап тұр дейді жауаптылар.

Ал Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инвестиция тарту жұмыстарын әлі де жандандыру қажет деп отыр. Оның сөзінше, бұл  мақсатта жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған.

«Қазіргі таңда «Жұлдыз» индустриалды аймағын ашып жатырмыз. Инфрақұрылымды жеткізу бойынша қаражат бар. Инфрақұрылымын толық жеткізіп береміз. Енді бізге әлеуетті, ноу-хау жобалар керек. Келесі аптада 2022-2023 жылға бағытталған жобаларды да баяндамаға қосыңыздар. Қазірден бастап келесі жылдарға дайындық жүргізілсін. Жоспар бойынша 2022 жылы 540, 2023 жылы 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуымыз керек», – деді қала әкімі.

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады