Шымкент қаласы туристерді қабылдауға дайын

Айбек Ережеп

  • 17.05.2021

Шымкент қаласы туристерді қабылдауға дайын

Шымкент қаласында туристік автобустарға арналған тұрақтар ашылуда.

Бұл  жобаны қалалық туризм басқармасы мен Шымкент қаласы  полиция департаменті, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе жүзеге асырып отыр.

– Енді қалаға келген туристер рухани-мәдени орталық аумағында орналасқан автотұрақтарды лезде таба алады. Мұндай инфрақұрылымның қажеттілігі туралы қалалық туроператорлар көптен бері мәселе етіп көтерген еді. Қаланы туристер үшін жайлы ету мақсатындағы жұмыстар жалғасады, –  дейді туризм басқармасының басшысы Олжас Шинтаев.

Туристік автобустарға арналған «Bus Stop» тұрақтары қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген орындарда ашылуда. Алғашқы нүкте қаланың орталық бөлігі Әл-Фараби алаңында орналасқан. Мұнда келген туристер «Арбат» алаңы, «Shymkent Plaza» орталығымен таныса алады. Алдағы уақытта Бәйдібек би ескерткіші, Шымкент-Цирк, Наурыз алаңы, Дендросаябақ және  Ордабасы алаңында да арнайы тұрақтар пайдалануға беріледі.

Қаланың туристік әлеуетін дамыту бағытындағы «Bus Stop» тұрақтары пилоттық жоба аясында іске асырылып отыр.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

14.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Үкімет жылыту маусымын қорытындылады

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады