freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елде 500 мыңнан астам адам несиесін төлей алмай жүр

Қоғам
Елде 500 мыңнан астам адам несиесін төлей алмай жүр
Canva

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың мәліметінше, қазіргі таңда 170 мыңға жуық азаматқа қатысты банкроттық рәсімі қолданылған. Алайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді қажет ететін азаматтардың нақты саны бұдан әлдеқайда көп, деп хабарлайды Malim.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Қазіргі сәтте 500 мыңнан астам адам қарызын қайтару мерзімін 2 жылдан 5 жылға дейін кешіктірген.  Мәдина Әбілқасымова берешегін өтей алмай жүрген адамдардың банкроттыққа жүгінуге заң жүзінде құқығы бар екенін, бірақ заңдағы кейбір шектеулер бұл процесті тежеп отырғанын атап өтті.

«Банкрот деп танылған адамға 5 жыл бойы несие алуға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ банкроттық үшін азаматтың мүлкі болмауы және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Мәселені шешу мақсатында өткен жылы заңнамаға бірқатар жеңілдіктер енгізілді. Атап айтқанда, берешек мерзімі тым ұзаққа созылған азаматтар үшін мүлік пен табысқа қатысты талаптарды қолданбау мүмкіндігі қарастырылған», - деді ол.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен депутаттық корпус заңдағы кемшіліктерді жою бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны айтылды.

Осыған дейін Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, 2026 жылғы 6-30 сәуір аралығында белгілі бір төлем түрлерін алуға арналған шоттардан тыйымдарды алып тастау жөніндегі науқанды бастағанын жаздық. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу