Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елдос Сметов өзі туралы кино түсіреді

Спорт
Елдос Сметов өзі туралы кино түсіреді

Дзюдодан Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында неліктен мұндай шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Танымал спортшы мұндай туындылар жастарға мотивация береді деп санайды.

Негізі кино түсіру ойда бар. Өйткені тарихи жеңіс. Басымнан өткен оқиғаларды көп адам біле бермейді. Айтатын дүнием көп. Басымнан өткен дүниелерді кино етіп шығару жоспарда бар. Оны көрген бала мотивация ала алатындай ауқымды кино түсірек алсақ, қатты қуанушы едім. Бұл әңгіме өзіміз бір жүрген жақын бауырларымның арасында қозғалған. 2020 жылы Олимпиада ойындарында қола алған сәтімнен бастап айтылып келе жатқан дүние. Сондай ойлар болған. Сол кезде Париж олимпиадасына дайындалып, «алтын алып келейін, мансабымды әдемі аяқтайын, сосын әдемі кино түсірерміз» дегенмін, - дейді Сметов.

Еске салайық, Елдос Сметов 2016 жылғы Рио олимпиадасында - күміс, Токио олимпиадасында - қола, 2024 жылғы Париж олимпиадасында алтын медаль алып, чемпион атанған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу