freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде қарызы көп азаматтарға несие беруге шектеу қойылуы мүмкін

Қоғам
Елімізде қарызы көп азаматтарға несие беруге шектеу қойылуы мүмкін
Ашық дереккөзден

Қазақстан Ұлттық банкі 2027 жылдан бастап қарыз жүктемесі жоғары азаматтарға несие беруді шектеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушының табысқа шаққандағы қарыз коэффициентінің (ҚТҚК) шекті мәні енгізіледі.

Сондай-ақ, ҚТҚК қарыз алушының берешегінің көлемін оның бір жылдық табысына шаққандағы мөлшермен көрсетеді. Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын, адамның қарыз жүктемесі артып, төлем қабілетсіздігі қаупі көбейеді. Қазіргі қолданыстағы қарыз жүктемесі коэффициенті сияқты, жаңа көрсеткіш те несие беру туралы шешім қабылданар алдында есептеледі.

ҚТҚК енгізудің мақсаты – банктердің жауапты несие саясатын ынталандыру, халықтың шамадан тыс қарыздануын азайту, қаржы жүйесінің тұрақтылығын күшейту және несиелеу құрылымын теңгерімді ету.

Ұлттық банк 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушының жиынтық берешегі оның 8 жылдық табысынан аспауын шектеуді ұсынды.

«Халықты несиелеу сегментінде салқындау белгілері байқалғандықтан, Ұлттық банк ҚТҚК көрсеткішін автонесие, ипотекалық тұрғын үй несиесі және кепілсіз тұтынушылық несие секілді жекелеген қарыз түрлері бойынша бақылауды жалғастырады. Алайда әзірге олар үшін жеке шекті мәндер белгіленбейді», - деді реттеуші.

Егер бөлшек несиелеу нарығында тәуекелдер арта түссе, Ұлттық банк қарыз түрлеріне қарай бөлек шекті көрсеткіштер енгізу немесе жалпы ҚТҚК деңгейін қайта қарау құқығын өзінде қалдырады.

Ал қолданыстағы қарыз жүктемесі коэффициентін есептеу тәртібі мен оның шекті деңгейін өзгерту әзірге жоспарланбаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу