freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде темекі қымбаттады

Қоғам
Елімізде темекі қымбаттады
Pixabay

1 тамыздан бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржы министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен сүзгілі және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне белгіленетін ең төменгі бөлшек сауда бағасына өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында сүзгілі және сүзгісіз 20 тал темекінің, папиростың, сигарилланың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш 970 теңге болған.

Сондай-ақ құжатта 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған өнімдердің бір қорабының ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1120 теңгеге дейін көтерілетіні көзделген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу