Қазақстан экономикасының басым бағыты, оның дамуына көлік ықпал етеді. Қызмет көрсету рөлін атқара отырып, логистика жүйесіне кіретін теміржолдар ел экономикасына жұмыс істейді, деп хабарлайды Malim.kz. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Қазір бізде әртүрлі өнім түрлеріне тарифтердің 11 түрі бар, атап айтсақ: әлеуметтік маңызы бар тауарлар, көмір тасымалдау, астық тасымалдау және басқалары. Біздің тарифтер көрші мемлекеттерге қарағанда шамамен 2 есе төмен екенін айта кеткен жөн, - деді Роман Скляр.
Фото: railways.kz