freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде түлектер саны бойынша 25 жылдық рекорд тіркелді

Қоғам
Елімізде түлектер саны бойынша 25 жылдық рекорд тіркелді
МО әкімдігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросы елімізде түлектер саны бойынша 25 жылдық рекорд тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылы мектепті 3,9 миллионнан астам оқушы тәмамдаған. Бұл - соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. 

Оқушылардың ең көп бөлігі Түркістан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласында білім алып жатыр. Бюро түлектерге статистика саласына қатысты мамандықтарға назар аударуға кеңес беріп отыр. 

«Бүгінде статистика және деректерді талдау саласына қатысты мамандықтар еңбек нарығында аса сұранысқа ие болып отыр. Бұл сала мамандарын еліміздің жетекші жоғары оқу орындары даярлайды, ал Бюро Қазақстан университеттерімен белсенді түрде ынтымақтастық орнатуда. Қазіргі таңда білікті мамандар даярлау мақсатында 16 ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Егер түлектердің біреуі әлі де болашақ мамандығын таңдап жүрсе, статистика және деректерді талдау саласына назар аударуды ұсынамыз», - деді Ұлттық статистика бюросы. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу