12 наурыздан бастап Қазақстанда жол қозғалысын бақылайтын камералар бұған дейін тек патрульдік полиция қызметкерлері анықтайтын бірқатар құқықбұзушылықтарды тіркей бастады, деп хабарлайды Malim.kz Tengri Auto-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану секілді жайттарды камералар нысанаға ала бастады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізудің 3 042 фактісі және рөлде телефон пайдаланудың 18 дерегі тіркелген.
Бұған дейін полиция өкілдері телефонды арнайы ұстағышқа бекітіп, навигатор ретінде қолдануға рұқсат етілетінін, бірақ қозғалыс кезінде құрылғымен әрекет жасауға болмайтынын атап өткен еді. Сонымен қатар, заңнамада телефонды қолда ұстамай пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынбаған. Оларға:
- hands-free жүйелері;
- Bluetooth байланысы;
- көліктің штаттық мультимедиялық жүйелері;
- дауыспен басқару функциялары жатады.
Еске салайық, енді камералар құжаттарға қатысты құқықбұзушылықтарды да тіркей алады:
- техникалық байқаудың мерзімі өтіп кеткен жағдайлар;
- міндетті сақтандыру полисінің болмауы.
Сондай-ақ жүйе кейбір жағдайларда автоматты түрде ескерту жасай алады. Мысалы, жол кептелісін тудыру немесе сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау кезінде жағдайлар ескепілмек.