Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздегі колледждерге шетелдік менеджерлер тартылады

Білім-ғылым
Еліміздегі колледждерге шетелдік менеджерлер тартылады

- Жұмысшы мамандықтар жылы еліміздің 10 колледжіне шетелдік білікті мамандарды тарту жоспарланған. Оның негізгі мақсаты — Қазақстан колледждерінің жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырып, білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
Менеджменттің үздік халықаралық тәжірибесін енгізу үшін шетелдік менеджерлерді тарту арқылы колледждерді басқарудың озық әлемдік модельдерін енгізу іске асырылады, -  деді Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев.

Айтуынша, бұл жұмыстардың аясында педагогтар шетелдік колледждермен тәжірибе алмасып, кәсіби деңгейін арттырады. Ал студенттер академиялық ұтқырлық тәртібімен аталған оқу орындарында білімін жетілдіреді.

- Нәтижесінде, колледждердің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылап, білім сапасы халықаралық деңгейге көтеріледі, - деді Ғани Бейсембаев.

Фото: 7-su.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу