Алдағы үш күнде еліміздің барлық аймағында күн жылынады. Бұл туралы Қазгидромет-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, көктем болғанына қарамастан, еліміздің көптеген аймағында қыстық ауа райы әлі де сақталған.
“Әсіресе қыс ызғары солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтар ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелген суық антициклонның ықпалында қалды”, – деді мамандар.
Дегенмен мамандар алдағы уақытта көктем де өз әсерін көрсететінін алға тартты. 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
Солтүстік өңірлерде оң температураға жақын байқалса, оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5, +10°С көрсетеді.