Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміздің бірнеше аймағында жаңбыр жауады

Қоғам
Еліміздің бірнеше аймағында жаңбыр жауады

«Қазгидромет» РМК 29 қазан күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Антицклон жотасы Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды.


Елдің қалған аумағында солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжауынша, батыста жаңбыр құйып, түнгі уақытта оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жауады. 

Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт болады, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2°С-тан -4°C-қа дейін, күндіз +11°C-ден +13°C-қа дейін көтеріледі. 

Ал Алматыда аздаған жаңбыр жауады. Түнде +7°C +9°C, күндіз +15°C-ден +17 градусқа дейін жылы болады. 

Шымкент қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +9°С-тан +11°C-қа дейін, күндіз +19°C-ден +21°C-қа дейін болады.

Таразда найзағай ойнап, жауын жауады. Ауа температурасы +15+17°C-ді көрсетеді. 

Қызылордада күн бұлтты, күндіз +17+19°C-қа дейін болады. 

Фото: freepik.com


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу