Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізге Қырғызстаннан заңсыз кірмек болған мыңдаған темекі өнімі тоқтатылды

Құқық
Елімізге Қырғызстаннан заңсыз кірмек болған мыңдаған темекі өнімі тоқтатылды

Қырғызстаннан 30 мың темекі қорабын заңсыз жолмен өткізбек болған. ҰҚК оны шекарада тоқтатқаны турпалы Zakon.kz жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақпаратқа қарағанда, аталған өнімді Қазақстан аумағына заңсыз әкелу дерегі бүгін, 3 тамызда Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада тоқтатылған. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз жүк «Айша бибі» автокөлік өткізу бекеті арқылы өтпек болған жүк көліктерінің бірінен табылған.

Ілеспе құжаттары жоқ 30 мың қорап темекіні халық тұтынатын тауарлар түрінде өткізуге тырысты. Мұндай көлем ірі партия болып саналады, деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Бүгінде жүк тәркіленіп, әрі қарай талдап қарауға берілген.

Фото: zakon.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу