Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елорда әуежайының жұмыс уақыты ұзартылды

Қоғам
Елорда әуежайының жұмыс уақыты ұзартылды

Бүгіннен бастап Астана әуежайының жұмыс уақыты ұзартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуежайдың мәлімдеуінше, әуе тасымалдаушыларының сұранысы бойынша әуежайды басқарушы компанияның техникалық мамандарының жобалық тобы аэродромдағы жөндеу жұмысының технологиялық процесін оңтайландырды. 

Жазда маусымдық сұраныстың жоғары болуына байланысты жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуе тасымалына 14 маусымынан бастап әуежайдың жұмыс тәртібі күнделікті техникалық үзіліспен (23:00-ден 00:30–ға дейін) ұзартылады.

Жұмыс кезінде әуежай ұшу-қону жолағының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етеді, кейіннен ұшу-қону жолағына көшу арқылы әуеайлақ жабынының басқа учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде әуежайдың негізгі жұмысына кедергі келтірмейтін магистральді жолақта жөндеу жұмысы жүріп жатыр. 

Әуе тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру үшін авиакомпаниялар ішкі рейс кестесін жедел қайта қарап, танымал бағыттарға қосымша рейстерді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты жолаушылар авиакомпаниялардың ресми сайты арқылы билеттердің бар-жоғын тексергені жөн, - делінген әуежайдың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу