Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Елорда кубогы»: қазақстандық үш боксшы финалға шықты

Спорт
«Елорда кубогы»: қазақстандық үш боксшы финалға шықты

Қазақстандық үш боксшы «Елорда кубогының» финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

51 келіде Сәкен Бибосынов финалдың жолдамасын жапониялық Соуши Макиномен сарапқа салды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Сәкенді жеңімпаз деп тапты.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – Токиода өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы.

Ал Махмұд Сабырхан мен Асланбек Шымбергенов жекпе-жексіз-ақ финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

57 келіге дейінгі салмақта Сабырхан жартылай финалда отандасы Асылжан Серікбаймен, ал 71 келінің өкілі Шымбергенов Темірхан Тезекпен бокстасуы керек еді. Алайда екеуінің де қарсыластары жекпе-жекке шығудан бас тартып, көшбасшылар енді алтынға таласады.

Айта кетейік, Шымбергенов – Қазақстан құрамасының капитаны.

«Елорда кубогының» финалдық кездесулері 18 мамырда өтеді.

Фото: ҚР ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу