freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елтаңбаны қоқыстан алып, үйіне ілген блогерге айыппұл салынды

Қоғам
Елтаңбаны қоқыстан алып, үйіне ілген блогерге айыппұл салынды
instagram.com/aksu_shagimi

Жетісу облысының Ақсу ауданында блогерге бірнеше жыл бұрын жасаған әрекеті үшін 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz. Бұл туралы блогер Данияр Бейісқали мәлімдеді.

Оның айтуынша, ол төрт жыл бұрын қоқыс жәшігінен Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасын тауып алып, оны ретке келтіріп, үйіне іліп қойған. Блогер бұл әрекетін әлеуметтік желіде рәмізге құрмет білдіру және оны сақтап қалу ниетімен жасағанын жазған.

Алайда араға уақыт салып, бұл жазба Ақсу ауданы әкімдігінің назарына түскен. Жергілікті билік өкілдері полицияға жүгініп, жағдайды мемлекеттік рәмізді мақсатсыз пайдалану ретінде қарастыруды сұраған.

Нәтижесінде, құқық қорғау органдары блогердің жеке басын анықтап, оған әкімшілік айыппұл салды. Ведомство өкілдері мемлекеттік рәміздер заңмен қорғалатынын және оларды тек белгіленген талаптарға сай қолдану қажет екенін еске салды.

Азаматтарға мемлекеттік нышандарды заңсыз пайдаланбау керектігі туралы тағы да ескерту жасалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу