freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Емтиханнан өткізбей қойған": 17 жастағы оқушы өзінің мұғалімін пышақтап, мерт қылды

Әлем
"Емтиханнан өткізбей қойған": 17 жастағы оқушы өзінің мұғалімін пышақтап, мерт қылды
ашық дереккөзден

Пермь өлкесінің Добрянка қаласында мектеп маңында болған қайғылы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Оқушы пышақпен мұғалімге шабуыл жасап, мерт қылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің жазуынша, оқиға 7 сәуір күні таңертең мектеп кіреберісінде болған. 17 жастағы жасөспірім өзінің ұстазына пышақпен шабуыл жасаған. Ауыр жарақат алған мұғалім ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады .

Марқұм – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Олеся Багута. Ол мектепте 9-сыныптың сынып жетекшісі болған, дәл осы сыныпта күдікті жасөспірім де оқыған .

Өңір басшысы Дмитрий Махонин мұғалімнің қазасына байланысты көңіл айтып, оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Әріптестері мен таныстары Олеся Багутаны өте мейірімді, жанашыр жан ретінде сипаттайды.

"Оған шабуыл жасауға еш негіз жоқ еді. Ол өте жақсы, кең пейілді адам болатын", – дейді оның әріптестері .

Мұғалімнің жасы 56-да болған, педагогикалық еңбек өтілі 29 жылды құраған. Ол түрлі кезеңдерде балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істеп, кейін мектептерде сабақ берген. 2018 жылы ол "Жыл мұғалімі" байқауының жеңімпазы атанған. Оның айтуынша, өзі үшін ең бастысы – оқушылардың бағасы мен құрметі болған.

Оқиға болған күні мектепте "Денсаулық күні" өтіп жатқан. Мұғалім бастауыш сынып оқушыларына жаттығу өткізу үшін сыртқа шыққан кезде шабуыл жасалған. Алдын ала болжам бойынша, шабуылдың себебі – мұғалімнің оқушыны емтиханға жібермеуі болуы мүмкін. Қылмыс жасаған жасөспірім оқиға орнында ұсталды. Ол 9-сыныпта оқыған, бұрын да тәртібі бойынша есепте тұрған және оқу үлгерімі төмен болған.

Тергеу барысында іс "кісі өлтіру" бабы бойынша қайта сараланған. Кей деректерге қарағанда, жасөспірім мектепте "қиын оқушы" ретінде танылған. Ол мұғалімдерге дөрекі сөйлеп, қатарластарына қоқан-лоқы көрсеткен. Сондай-ақ оның әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққаны және психиатриялық есепте тұрғаны айтылды. Оқиғадан кейін прокуратура тексеріс бастап, істі ерекше бақылауға алды.

Бұған дейін Австралия мен Ұлыбритания мектептерінде жұмыс істеген мұғалім оқушылар мен олардың ата-аналары тарапынан көрсетілген қысым мен қорлықтан кейін жұмысын тастауға мәжбүр болғанын жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу