freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді cирень бұтағын жұлғандар 216 мың теңге айыппұл төлейді

Қоғам
Енді cирень бұтағын жұлғандар 216 мың теңге айыппұл төлейді
Фото: pixabay.com

Қазақстанда енді қызғалдақпен қатар бөртегүлді (сирень) жұлу да айыппұлға әкеледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қоғамдық орындарда өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау әкімшілік жауапкершілікке жатады. Бұл талап бөртегүлге де қатысты.

Заңға сәйкес, қала аумағында, аулаларда, саябақтар мен көше бойында өсетін гүлдерді жұлуға немесе сындыруға болмайды. Мұндай жағдайда 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Егер өсімдік жеке аумақта өссе, жер иесі келтірілген шығын үшін өтемақы талап етуге құқылы. Сонымен қатар, моральдық зиянды өндіріп алу мүмкіндігі де бар, оның мөлшері заңмен шектелмейді.

Ал Қазақстан Экология министрлігі кез келген гүлді жұлу олардың табиғи таралуына кері әсер ететінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу