freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді шекараны жасанды интеллект бақылайды

Қоғам
Енді шекараны жасанды интеллект бақылайды
Gov.kz

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында жасанды интеллект көмегімен көлік саласына енгізілген жаңа шешімдер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Шекарадан – жарты сағатта

Негізгі жобалардың бірі – мемлекеттік органдар мен бизнесті біріктіретін Smart Cargo цифрлық платформасы.

Жүйе QR-код арқылы жұмыс істейді: құжаттарды автоматты түрде тексеріп, бағытты және қажетті рұқсаттарды анықтайды.

Осының арқасында шекарадан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады деп күтілуде.

Логистикада не өзгереді?

Жасанды интеллект енгізу үдерістерді жеңілдетуге, шығындарды азайтуға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Платформа жүк туралы деректерді жылдам өңдеуге көмектесіп, адам факторын барынша азайтады.

Теміржолдағы өзгерістер

Цифрландыру теміржол саласын да қамтыды.

KinetiX диагностика жүйесі енгізіліп жатыр, ол вагондарды қолмен тексерудің орнын басты. Бұрын тексеріс 2 сағатқа дейін созылса, енді жүйе вагондардың жай-күйін тоғыз параметр бойынша 8 минутта талдайды.

Сондай-ақ ықтимал ақауларды автоматты түрде анықтайтын бейнеталдау жүйесі қолданылады.

Жолдардағы бақылау

Қосымша ретінде автожолдарда жүк тасымалын бақылау жүйесі енгізіліп жатыр.

Ол таразы бекеттеріндегі мәліметтерді салыстырып, заңбұзушылықтарды тіркейді. Бұл жолдардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді.

e-Kөлік бірыңғай жүйесі

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, елде e-Kөлік бірыңғай зияткерлік көлік жүйесі қалыптастырылып жатыр.

Бірыңғай зияткерлік көлік жүйесі – e-Kөлік қалыптасуда. Платформа QazTech базасында құрылып, көліктің барлық түрін біріктіреді. Бұл деректерді жинап, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Әлемдік бағалаулар бойынша, көлік саласы деректерді ең көп өндіретін салалардың бірі саналады. Осыған байланысты жасанды интеллект оларды өңдеудің негізгі құралына айналып отыр. e-Kөлік саланы алдын ала басқаруға мүмкіндік береді, – деді министр.

Цифрлық шешімдер логистиканы жеделдетіп, тасымал қауіпсіздігін арттырып, Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтады деп күтілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу