Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға болады

Қоғам
Енді зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға болады

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін кәмелетке толмаған балалардың емі үшін мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі ««Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізген.

Құжатқа сәйкес, ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін кәмелетке толмаған балаларының еміне жұмсай алады.

Зейнетақы жинағының төменгі шегінен артылған қаражатты орфандық ауруларға, қалпына келтіру операцияларына, радиохирургиялық емге, тісті емдеуге және тағы басқа медициналық қызметтерге пайдалануға рұқсат етілген.

Бұйрық 27 сәуірден бастап күшіне енеді.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу