freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ЕО-ның жаңа санкцияларына Қазақстандағы компаниялар енгізілді

Әлем
ЕО-ның жаңа санкцияларына Қазақстандағы компаниялар енгізілді
https://ru.wikipedia.org/

Еуропалық одақ Ресейге қарсы 21-санкциялар пакетін бекітті. Жаңа шектеулер аясында Қазақстан мен Қырғызстанда тіркелген бірқатар компанияға қос мақсаттағы тауарлар мен технологияларды экспорттауға қатысты қатаң шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

ЕО мәлімдеуінше, аталған ұйымдар Ресейдің қолданыстағы экспорттық санкцияларды айналып өтуіне ықпал етуі мүмкін деген күдікке ілінген. Сөз микроэлектроника, сандық бағдарламалық басқаруы бар (CNC) станоктар және жартылай өткізгіш өндірісіне арналған жабдықтарды жеткізу туралы болып отыр. Алайда ЕО Кеңесінің ресми хабарламасында Қазақстан аумағында орналасқан нақты қандай компаниялардың тізімге енгені әзірге жарияланған жоқ.
Жалпы, 21-санкциялар пакетінің тізіміне 51 компания қосылды. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай (оның ішінде Гонконг), Үндістан, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан ұйымдар бар. Сонымен қатар ЕО Ресейдің «көлеңкелі флоты» құрамына жатқызылған тағы 41 кемеге санкция салды.
Жаңа пакет бойынша барлығы 218 жеке және заңды тұлғаға шектеу енгізілді. Оның ішінде 48 жеке тұлға мен 170 ұйым бар. Сондай-ақ Ресейдің банк секторына, криптоплатформаларға, мұнай өңдеу кәсіпорындарына және әскери-өнеркәсіптік кешеніне қатысы бар құрылымдарға да жаңа санкциялар салынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу