Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогерге айыппұл салынды

Қоғам
Ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогерге айыппұл салынды
Фото: видеодан кадр

2025 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс материалдарына сәйкес, әйел Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында бейнежазба жариялап, онда бейәдеп сөздер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға бағытталған қорлайтын фразаларды қолданған. Сот бұл әрекетті қоғамға ашық түрде құрметсіздік көрсету және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағалап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша саралады.

Қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілген жоқ, себебі бұл әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады. Сот отырысы барысында ол кінәсін ішінара мойындады: бейәдеп сөз қолданғанын растады, алайда балаларды қорлау ниеті болмағанын айтты.

Әйелдің асырауында 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар. ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөліміне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды. Сот Оның кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеп отырғанын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Құқықбұзушылықтың сипатын және істің мән-жайларын ескере отырып, сот О-ға 20 АЕК — 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу