Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Спорт
Ерғали Шәмей Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Ерғали Шәмей 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Malim.kz.

Спортшы пара дзюдодан тұғыр биігіне көтерілді. Ерғали 73 келі салмақта (J1 санаты) финалға дейін жетіп, ақтық сында румыниялық Флорин-Александру Бологаға жол берді.

Осылайша, Париждегі Паралимпиада ойындарын күміс медальмен аяқтап отыр.

Еске салайық, бүгін J2 санатында сынға түскен парадзюдошы Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ол 57 келі салмақта сынға түсіп, кіші финалда түркиялық қарсыласын жеңді. 

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының жүлделер саны жетеу. 

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу