Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі сатып, қомақты табысты заңдастырған топ қолға түсті

Құқық
Есірткі сатып, қомақты табысты заңдастырған топ қолға түсті
Pexels

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастырып, есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіби ақша жылыстатушылар тобы бір жыл бойы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

- Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу