Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі таратқан қызылордалық тұрғын 10 жылға сотталды

Құқық
Есірткі таратқан қызылордалық тұрғын 10 жылға сотталды

Сот есірткі затын таратумен айналысқан 20 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды. Биыл ақпан айында оны облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде полицейлер қолға түсірген.


«Жүргізілген шара барысында одан 10,53 грамм жүйкеге әсер ететін заттар алынған. Бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады. Оның айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған. Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады. Ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Фото: Azattyq Ruhy 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу