Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі зертханасын жасаған қазақстандық ұсталды

Оқиға
Есірткі зертханасын жасаған қазақстандық ұсталды

Ресейде есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының Свердлов облысында қазақстандықты ұстады. Ол еліміздің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған.

Ұсталған адам 2024 жылы облыс аумағынан жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде "мефедрон" есірткісін өндірген.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Қазір прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл қылмыс 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Фото: Baigenews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу