Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуро-2024. Франция-Бельгия матчының тағдырын автогол шешті

Спорт
Еуро-2024. Франция-Бельгия матчының тағдырын автогол шешті

Франция мен Бельгия құрамалары Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 жарысының 1/8 финалында кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Дюссельдорфтағы кездесудің тағдырын автогол шешіп кетті. Матчтың 85-минутында франциялық Рандал Коло-Уманидің тепкен добы Ян Вертонгеннің аяғына тиіп, қақпаға кіріп кетті.

Минималды жеңістің арқасында франциялық футболшылар турнирдің ширек финалына шықты.

Енді 1/4 финалда Франция Португалия - Словения жұбының жеңімпазымен ойнайды. Бұл матч бүгін қазақстандық уақыт бойынша сағат 00:00-де өтеді.
Фото: euro.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу