Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуроодақ АҚШ-тың жаңа баж салығына іліккісі келмейді

Әлем
Еуроодақ АҚШ-тың жаңа баж салығына іліккісі келмейді

Еуропалық Одақ осы аптада АҚШ ЕО елдерінен импортталатын тауарларға енгізілген жаңа 15 пайыздық баж салығынан босатуларды ресми түрде растауын, сондай-ақ автокөлік өнімдеріне салынатын тарифтердің төмендетілуін күтуде, деп хабарлайды Report.


ЕО АҚШ президенті Дональд Трамп жазда қол қойылған тарифтік саясатты жеңілдету туралы келісімдерге заңды күш беретін жарлықтарға қол қоятынына үміттенеді. Нақтырақ айтқанда, автокөліктерге салынатын баж салығын төмендету және кейбір өнеркәсіптік тауарларға, оның ішінде ұшақ бөлшектеріне қатысты жеңілдіктер енгізу туралы сөз қозғалып отыр.

Тараптар Трамп пен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен арасындағы бұрын жасалған саяси келісімдерді бекітетін бірлескен мәлімдеме жариялайды деп күтілуде.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, енді 15 пайыздық баж салығы бұрын 25 пайыз болған автокөліктерге де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, ЕО-дан әкелінетін жартылай өткізгіштер мен дәрі-дәрмектер сияқты өнімдерге салынатын жаңа баж салығы да қайта қаралуы ықтимал.

Сондай-ақ ЕО АҚШ-қа белгілі бір көлемдегі болат пен алюминийді қазіргі 50 пайыздық мөлшерлеменің орнына төмендетілген тарифпен экспорттауға мүмкіндік беретін бөлек келісім жасауға ұмтылуда.

Фото: interaffairs.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу