Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды алты айға ұзартты

Әлем
Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды алты айға ұзартты

ЕО елдері ресейлік компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты санкцияларды ұзарту туралы келісімге келді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

«Біз Путиннің соғыс жүргізу үшін қаржыға қол жеткізу жолын әрі қарай да бөгейміз», – деді Кая Каллас.

Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер жұма күні, 12 қыркүйекте, Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруіне жауап ретінде ресейлік компаниялар мен тұлғаларға қарсы қолданыстағы санкцияларды тағы жарты жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас әлеуметтік желіде хабарлады.

Ол сондай-ақ Ресейге қарсы жаңа, 19-пакет санкциялар дайындалып жатқанын атап өтті. Калластың айтуынша, бұл пакет Ресейдің «көлеңкелі флотына» және банктеріне қарсы бағытталып, ресейлік мұнайды сатуға қосымша шектеулерді қамтиды.

Фото: EU/Lukasz Kobus

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу