Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Facebook, Instagram мен WhatsApp желілері істен шықты

Мәдениет
Facebook, Instagram мен WhatsApp желілері істен шықты

Facebook корпорациясына тиесілі Facebook, Instagram мен WhatsApp мессенджерлері уақытша істен шығып, бірнеше сағат ішінде корпорация акциясы шамамен 5 пайызға құлдыраған.

Аталған желілер ақауы Қазақстанмен қатар АҚШ, Батыс Еуропа мен Ресей қолданушыларына да байқалған. Корпорация өкілдері біраз уақыт өткен соң ресми мәлімдеме жасап, расымен ақау болғанын хабарлады.

"Көпшілікте біздің өнімдеріміз бен қосымшаларымызға қатысты қиындықтар туындағанын білеміз. Барлығын мейлінше тез қалыпқа келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз және ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің бірнеше сағат істемей қалуына байланысты Facebook акциялары 5 пайызға дейін құлап, корпорация негізін қалаушысы Марк Цукерберг шамамен 6 миллиардтан айырылып қалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу