freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ФИФА әлем чемпионатының ең үздік голын атады

Спорт
ФИФА әлем чемпионатының ең үздік голын атады
Фото: fifa

Кабо-Верде құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания, Уругвай және Сауд Арабиясымен бір топта ойнап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Алайда 1/16 финалда Аргентинадан қосымша уақытта жеңіліс тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы ең үздік голды анықтады. Бұл марапатқа Кабо-Верде құрамасының қорғаушысы Сидни Лопеш Кабралдың Аргентинаға қарсы 1/16 финалдық матчта соққан добы лайық деп танылды.

ФИФА-ның мәлімдеуінше, қазіргі әлем чемпиондары қосымша уақытта айып алаңының бұрышынан қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағытталған керемет соққыдан кейін таңданысын жасыра алмаған.

Кабо-Верде құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания, Уругвай және Сауд Арабиясымен бір топта ойнап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Алайда 1/16 финалда Аргентинадан қосымша уақытта жеңіліс тапты.

Ал әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Негізгі уақытта есеп ашылмағанымен, екінші экстра-таймда «Барселона» шабуылшысы, 26 жастағы Ферран Торрес жеңіс голын соқты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу