Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футбол: Бүгін Еуропа чемпионатында қандай құрамалар ойнайды

Спорт
Футбол: Бүгін Еуропа чемпионатында қандай құрамалар ойнайды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 25 маусымда С және D топтарында үшінші тур ойындары өткізіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін сағат 21.00-де D тобында Нидерланд пен Австрия шеберлік байқасады.

Кездесу Берлин қаласындағы "Олимпиаштадион" стадионында өтеді. Қазірге дейін құрамалар жиырма мәрте кездессе, онында Нидерланд, алтауында Австрия жеңіп, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Дәл сол уақытта аталған топта Франция мен Польша кездесуі басталады.

Ойын Дортмунд қаласындағы "Сигнал Идуна Парк" стадионында өткізіледі. Қос қарсылас өзара он сегіз мәрте кездессе, тоғызында Франция, төртеуінде Польша басым түсіп, қалғанында жеңімпаз анықталған жоқ. Аталған топта бірінші турда Франция Австрияны 1:0, Нидерланд Польшаны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Екінші турда Франция мен Нидерланд 1:1 есебімен тең ойнаса, Австрия Польшаны 3:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ 00.00-де C тобында Англия мен Словения ойнайды. Кездесу Кёльн қаласындағы "Райн-Энерги" стадионында болады.

Фото: Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу