Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан ұтылып қалды

Спорт
Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан ұтылып қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы кезекті жолдастық кездесуінде Әзербайжаннан 2:3 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ойын басында қазақстандық футболшылар 2:0 есебімен ұтып тұрған. 2-минутта Ян Вороговский баспен гол соқса, 26-минутта Максим Самородов екінші голды соқты. Алайда, бірінші тайм аяқталғанға дейін Әзербайжан футболшысы Махир Эмрели есепті қысқартты. 

Екінші таймда Эмин Махмудов пенальтимен таразы басын теңестірді. Ал 73-минутта Турал Байрамов жеңіс голын соқты. 

Айта кетейік, бұған дейін Руслан Балтиев бастап барған Қазақстан құрамасы Армениядан да ұтылған еді. Ал жаңа бас жаттықтырушы Станислав Черчесов қызметіне жуық арада кіріседі. 

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу