Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан Аргентинамен ойнайды

Спорт
Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан Аргентинамен ойнайды

Өзбекстандағы футзалдан әлем біріншілігінде 1/8 финалдың соңғы екі ойыны аяқталды. Ол кездесулердің нәтижесінде Қазақстанның алдағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан құрамасына әлем кубогының жартылай финалында Аргентина командасы түсіп тұр. Олар турнирдің бұл кезеңінде Хорватияны 2:0 есебімен жеңді.

Осы турнирдің ширек финалында тағы бір орын Таиландтың футзалшыларын 5:2 есебімен жеңген Францияаға бұйырды.

Осылайша, 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық жұптары былай қалыптасты:

Бразилия – Марокко (29 қыркүйек, Бұхара, басталуы – 17:30-да);

Украина – Венесуэла (29 қыркүйек, Ташкент, сағат 20:00);

Франция – Парагвай (30 қыркүйек, Бұхара, 17:30);

Қазақстан – Аргентина (30 қыркүйек, Ташкент, 20:30).

Айта кетейік, 26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионы Португалияны 2:1 есебімен жеңді.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу