Қазақ эстрадасының танымал әншісі Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлден кейін алғаш рет жеке өміріне қатысты шынайы сырын бөлісті. Өнер иесі бұл туралы Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Әнші сұхбат барысында өзінің алғашқы махаббаты мен отбасылық өмірі жайлы естеліктерімен бөлісті.
"Бір көріп ғашық болдым, 20-дан асқанмын. 12 жыл отау құрдық, ұлды-қызды болдық. Дүние салғанына биыл 15 жыл. Өтіп жатқан уақыт. Қаншама әндер шығып жатыр, адалдық. Мен де сол көрсеқызарлыққа салынбады дейсіздер ме? Қаншама жанға әуестенбеді дейсіздер ме? Бірақ болмады. Айгүл дүние салғаннан кейін алғашқы 5 жылда ғашық та болып көрдім. Жолықпады емес, ондай жағдайлар болды. Бірақ Айгүлдей болмады, оны неліктен солай болғанын түсіндіре алмаймын", – деді әнші.