Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалмақ

Спорт
Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалмақ
Фото: ҰОК

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының жаңа президенті болады. Ол ресми түрде 23 қараша күні Римде қызметіне кіріседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық World Boxing ұйымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2025 жылдың 23 қарашасында Римде өтетін Конгрессте президент қызметіне бекітілетінін хабарлады.

Тәуелсіз біліктілік комиссиясының тексерісінен кейін Головкин World Boxing басшысы қызметіне жалғыз үміткер болып қалды. Ұйым жарғысына сәйкес, егер бұл қызметке бір ғана кандидат ұсынылса, оны бекіту аккламация арқылы – делегаттардың бірауыздан қолдауымен жүзеге асады.

World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуірінде боксты олимпиадалық қозғалыста сақтап қалу үшін құрылды. 2025 жылдың ақпанында ұйым Халықаралық Олимпиада комитетінің уақытша тануын алды және әлемдік олимпиадалық бокстың басқару жүйесін қалыптастыруды жалғастырып жатыр.

Геннадий Головкин – қазақстандық кәсіпқой боксшы, тарихтағы ең атақты орта салмақ өкілдерінің бірі. 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Афина-2004 Олимпиадасының күміс жүлдегері, сондай-ақ WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша бірнеше мәрте әлем чемпионы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу