Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Герман армиясы тығырықта. Болашақ сарбаздардың кейбірінде Қазақстанның не Ресейдің паспорттары бар

Әлем
Герман армиясы тығырықта. Болашақ сарбаздардың кейбірінде Қазақстанның не Ресейдің паспорттары бар
© azertag.az

Германияда соңғы кездері азаматтарды әскер қатарына шақыру мәселесі күн тәртібіне жиі шығып жүр. Қазір 2088 жылдан кейін туғандарды шақыру тәртібін өзгерту мәселесі көтерілді деп хабарлайды malim.kz DW - Неміс толқыны басылымына сілтеме жасап.

Егер бундесвер (неміс армиясы) ондай жаңа ережелерді бекітсе, 2026 жылдан бастап 18-ге толғандар - анкета толтырып, әскери қызметке жарамдылық деңгейін  анықтайтын медициналық комиссиядан өтуі тиіс болады. Егер армия өз ықыласымен әскери борышын өтегісі келетіндерді аздық етсе, онда жеребе тасталып, әскер қатарына мәжбүрлі түрде шақырылатын болады.

Die Welt басылымының мәліметінше, 2022 жылдың мамырына қарай Германияда 2008 жылы туған 340 859 азамат болған. Осының ішіндегі 56 693 адам Германияға қоса басқа елдердің де азаматтары болып шыққан. 3 691 адамда Ресейдің, ал 1 620 адамда - Қазақстанның паспорты болыпты. Бұған қоса, Түркия, Польша, Италия, Сербия, Марокконың паспортына ие азаматтар да көп.
 

Мұндай ала-құла азаматтық қазір неміс армиясын ойландырып отыр екен. Себебі, Украинадағы қақтығысқа байланысты мұндай азаматтардың сенімділігі күмән тудырады. Осыған орай жаңа сарбаздарды әскер қатарына аларда "Конституцияға адалдықты тексеру" шараларын өткізу туралы мәселе көтеріліпті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу