freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия прокуроры Сайлыбаева ісі бойынша ешкім ұсталмағанын айтты

Құқық
Германия прокуроры Сайлыбаева ісі бойынша ешкім ұсталмағанын айтты
Қанат Сайлыбаевтың архивінен

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұл туралы Германияның Дармштадт қаласы прокуратурасының аға прокуроры мәлімдеді.

— Бүгінгі күнге дейін Германия Федеративтік Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де осы іске байланысты ешқандай адам ұсталған жоқ. Тергеудің құпиялылығы мен жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін сақтау мақсатында әзірге алда атқарылатын тергеу әрекеттері туралы қосымша ақпарат бере алмаймын, — деді  Дармштадт қаласының аға прокуроры агенттік жолдаған сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ қазіргі уақытта бұл іс аясында Ресей Федерациясының құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жүргізілмейтіні белгілі болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу