freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия соғыс ықтималдығына дайындала бастады

Саясат
Германия соғыс ықтималдығына дайындала бастады
pixabay.com

Германия қаржылық қиындықтарға қарамастан, ықтимал әскери сценарийге дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, ел билігі Еуропадағы ең ірі автокөлік тасымалдау порттарының бірі - Балтық теңізі жағалауындағы Бремерхафен портын жаңғыртуға кіріскен. Бұл жобаға шамамен 1,35 миллиард еуро қажет екені айтылуда. 

Жобаның мақсаты - жүк тиеу платформаларын күшейту. Бұл платформалар болашақта 60 тонналық «Леопард» танкі секілді ауыр әскери техникаларды тасымалдауға бейімделмек.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жоба Германияның ықтимал соғысқа дайындалу бағытындағы ауқымды стратегиясының бір бөлігі. Еуропада әскери қақтығыс туындаған жағдайда, Германия географиялық орналасуы мен өнеркәсіптік әлеуетінің арқасында маңызды стратегиялық рөл атқарады.

Алайда Германия армиясының бұл жобаны толық қаржыландыруға мүмкіндігі жеткіліксіз. Сол себепті ел үкіметі жеке сектордың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Дегенмен мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық күрделі рәсімдер мен тікелей байланыстың болмауына байланысты баяу жүріп жатыр.

Бұған дейін Би-би-си-дің орыс қызметі Германияның өткенге көз жүгіртумен шектелмей, болашақтағы қауіп-қатерлерге, соның ішінде ықтимал соғысқа дайындала бастағанын хабарлаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу