Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия Палестинаның тәуілсіздігін мойындаймайтынын жеткізді

Әлем
Германия Палестинаның тәуілсіздігін мойындаймайтынын жеткізді

Германия жақын болашақта Палестина мемлекетін мойындауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы 25 шілде, жұма күні, Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Штефан Корнелиус мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Берлин бұл қадамды «екі мемлекетті шешімді жүзеге асыру жолындағы соңғы қадамдардың бірі» ретінде қарастыратынын атап өтті Корнелиус.

Оның айтуынша, «тек екі мемлекетті құру туралы келісілген шешім ғана израильдіктер мен палестиналықтарға тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздік әкеле алады».

Израильдің қауіпсіздігі Германия үкіметі үшін «бірінші кезектегі мәнге ие» болғандықтан, Берлин «жақын арада Палестина мемлекетін мойындауды жоспарламайды», деп түсіндірді Корнелиус.

Еске салсақ, бүгін Франция президенті Эммануэль Макрон Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындау жөнінде шешім қабылдаған еді.

Фото: Liesa Johannssen/REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу