Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия үкіметі Газа секторынан балаларды қабылдаудан бас тартты

Әлем
Германия үкіметі Газа секторынан балаларды қабылдаудан бас тартты

 Германия билігі Ганновер әкімшілігінің Газа секторы мен Израильден 20-ға дейін науқас және жарақат алған баланы емдеуге қабылдау туралы ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды ТАСС.

 

ГФР Ішкі істер министрлігінің хатында соғыс қимылдарын тоқтатудағы ілгерілеушілікке қарамастан, анклавтағы жағдай «өте күрделі және болжау мүмкін емес» күйде қалып отырғаны айтылған. Министрлік балалардың сапарын ұйымдастыру олармен бірге баратын отбасы мүшелерінің жеке басын және қауіпсіздігін анықтаудан бастап, шығынды және олардың кері қайтуын бағалауға дейінгі бірқатар күрделі процедураны қамтитынын атап өтті.

Ганновер мэрі Белит Онай федералды үкіметтің шешіміне өкініш білдіріп, бас тартуды «көңіл қалдыратын және түсініксіз» деп атады. Оның айтуынша, қала өте осал жағдайға түскен балаларды қабылдауға дайын. Бұл бастаманы Бремен, Дюссельдорф, Лейпциг, Бонн, Франкфурт, Киль билігі және Төменгі Саксонияның протестанттық шіркеулері де қолдады.

Федералды үкіметтің ұстанымы науқастарды шетелге тасымалдамай, зардап шеккендерге жергілікті жерде медициналық көмек көрсетуге басымдық беру болып қалып отыр. 

 Фото: pexels 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу