freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Голан жоталарындағы миссияны аяқтаған 70 бітімгер елге оралды

Қоғам
Голан жоталарындағы миссияны аяқтаған 70 бітімгер елге оралды
Фото: gov.kz

Голан жоталарынан Алматыға оралған екінші бітімгерлік контингентті салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы халықаралық әуежайында Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясы құрамындағы қызметін абыроймен аяқтаған Қазақстанның екінші ұлттық бітімгерлік контингенті әскери қызметшілерін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Әуе қорғанысы күштерінің А-400 әскери-көліктік ұшағы Алматыға 70 әскери қызметшіні жеткізді. Оларды құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестр сән-салтанатпен қарсы алды.

Бітімгерлерді күтіп алуға Құрлық әскерлері қолбасшылығының, Бітімгерлік операциялар орталығының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, қарулас достары және сағына күткен ет жақындары мен туған-туыстары жиналды. 

Салтанатты шарада сөз алған Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев бітімгерлерді құттықтады.

Қазақстан әрқашан бейбітшілікті, тұрақтылықты және халықаралық қауіпсіздікті қолдайтын мемлекет. Бүгінде еліміздің БҰҰ аясындағы бітімгерлік қызметі жаңа деңгейге көтерілді. Голан жоталарындағы операцияға қатысу арқылы біз толыққанды бітімгерлік әлеуеті бар мемлекеттердің қатарына қосылдық. Бұл біздің әскери қызметшілеріміздің жоғары дайындығын және армиямыздың халықаралық талаптарға сай күрделі тапсырмаларды орындауға қауқарлы екенін дәлелдейді, – деп атап өз сөзінде.

Бас қолбасшы, сондай-ақ, жауынгерлер елден жырақта жүргенде төзімділік танытып, тілеулес болған бітімгерлердің отбасыларына ерекше алғысын білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу