freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Гүлнар Бажкенова сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

Қоғам
Гүлнар Бажкенова сегіз жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: видеодан кадр

18 тамызда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты №2 ORDA басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау екі жылға кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар Бажкеноваға бес жыл бойы қоғамдық және кәсіби қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұған дейін прокурор да оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Бажкенова тағылған айыптардың барлығын мойындамады. Соттағы соңғы сөзінде өзін толықтай кінәсіз деп санайтынын айтып, қылмыстық істі саяси астары бар деп атады.

Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдаулары 2 шілдеде басталған. Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша — сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылған.

Сот процесі барысында Бажкенованың қорғаушылары да бірнеше рет ауысты. Бұған дейін оның мүддесін адвокат Мұрат Адам қорғаған. Алайда 2026 жылдың қаңтарында оның адвокаттық лицензиясынан айырылғаны белгілі болды.

Кейін сот Бажкеноваға мемлекеттік қорғаушы ретінде адвокат Ольга Кимді тағайындады. Алайда Бажкенова оның қызметінен бас тартқаннан кейін сот басқа қорғаушы тағайындау туралы шешім қабылдады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу