freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады

Спорт
IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады

Кәсіпқой бокстан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінен шығып қалды, деп хабарлайды  Malim.kz Tengri Sport.сайтына сілтеп. 

IBF Жәнібек Әлімханұлының қанынан тыйым салынған препарат — мельдоний табылғаны туралы жаңалықтан кейін оны чемпиондық белбеуінен айырды.

Халықаралық бокс федерациясы орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, бұл тізімде қазақстандық спортшы жоқ. 

Енді IBF белбеуі бос, рейтингтің бірінші сатысы да бос тұр. Екінші орында италиялық орта салмақтағы боксшы Этиноза Олиха жайғасса, үшінші сатыға жеңіліп көрмеген ирландиялық Аарон Маккенна тұрақтады. 

Еске сала кетейік, Әлімханұлының ағзасынан допинг табылғаны туралы ақпарат 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған кубалық Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда пайда болды. 

VADA антидопинг комиссиясының мәлімдемесінен кейін бірден боксшыны шеттету туралы шешім қабылданып, ұзаққа созылған тергеу басталды. 

2026 жылдың басында ашылған B сынамасы Әлімханұлының ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін растады.

Кейін WBO Жәнібек Әлімханұлына Дензел Бентли мен Эндри Сааведра текетіресінің жеңімпазымен жекпе-жекте титулын қорғауды міндеттеді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу