freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Интернеттегі таныстық 3 млн теңге шығынға соқтырды

Оқиға
Интернеттегі таныстық 3 млн теңге шығынға соқтырды
Фото: gov.kz

Атырауда әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдап, шамамен 3 млн теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан ер адамның әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №75 мекемесінің қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген.

Жедел шара барысында Атырау қаласының аумағында А. есімді азаматтың әлеуметтік желілерді пайдаланып, тұрғындардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен қаржы иеленгені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген шығын көлемі шамамен 3 млн теңгені құрайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің заңға қайшы әрекеттері дер кезінде тоқтатылып, қылмыстық жолы кесілген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Ведомство өкілдері интернет кеңістігінде сақ болуға шақырады. Онлайн байланыстарда қырағылық таныту, күмәнді ұсыныстарға сенбеу және жеке қаржылық деректерді қорғау — кибералаяқтықтың алдын алудың негізгі тетігі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу