freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Интим видеосы тараған ақтаулық блогер 10 тәулікке қамалды

Құқық
Интим видеосы тараған ақтаулық блогер 10 тәулікке қамалды
instagram.com/07_xaan

Көпшілікке Хан лақап атымен танымал ақтаулық блогер Қасым Өтешов азаматтық некедегі жұбайына жақындауға және оны қорлауға тыйым салған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Malim.kz  Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 2026 жылғы 13 мамырда полиция басқармасы ер адамға қатысты 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасын шығарғанын анықтады. Құжатқа сәйкес, оған азаматтық некедегі жұбайының еркінен тыс онымен кездесуге ұмтылуға, қоңырау шалуға, үйіне баруға және байланыс орнатуға тыйым салынған.

Алайда 21 мамыр күні пәтерде отбасылық жанжал болған. Жәбірленушінің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі құрбысының көзінше оны “и*”, “ма*” деп, балағат сөздермен қорлаған. Сот отырысында куәгер бұл сөздерді растаған.

Азамат сотта кінәсін мойындамаған. Оның нұсқасы бойынша, бірге тұратын әйелдің өзі айғай шығарып, полиция шақыратынын айтып қорқытқан. Ол өзінің заңға қайшы әрекет жасамағанын айтқан.

Сот ер адамның кінәсі хаттамамен, жәбірленушінің арызымен және куәгердің жауабымен дәлелденді деп танып, оны 10 тәулікке қамауға алды.

Қамау мерзімі 2026 жылғы 22 мамырдан бастап есептеледі. Оған 21 мамыр кешінен бері ұсталған уақыты да қосылады. Сот қаулысы 2 маусымда заңды күшіне енді.

Мән-жайы

Бұған дейін көпшілікке "Хан" лақап атымен танымал ақтаулық блогер мен оның жұбайы жеке мобилографын интим видеоларын таратты деп айыптағаны хабарланған еді.

Асабаның айтуынша, видеоны әйелі екеуі жеке мақсатта түсіріп, кейін оны жасырын файлға сақтап қойған. Ал мобилограф олардың телефонының құпиясөзін білгеннен кейін видеоларды алып, таратып жіберген көрінеді. Ал блогердің жары видео тарағаннан кейін бейтаныс ер адамдардан әдепсіз хабарламалар келіп жатқанын айтып, тіпті суицид туралы ойлағанын жеткізді. Ол жұрттан видеоны көрмеуді және әрі қарай таратпауды сұрады.

Сондай-ақ асаба өзге де блогерлерге ескерту жасады.

“Блогерлер мен медиа саласындағы адамдарға үндеу жасағымыз келеді: мобилографтардан сақ болыңыздар. Телефондарыңызды бермеңіздер, құпиясөздеріңізді айтпаңыздар. Әрқайсыңызда осындай видеолар болуы мүмкін. Ешкім бұдан қорғалмаған”, – деді асаба.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу