Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран: екі күнде наразылыққа шыққан 30 мың адам қаза тапты

Әлем
Иран: екі күнде наразылыққа шыққан 30 мың адам қаза тапты
Rg.ru

Иранның денсаулық сақтау министрлігі елде екі күн ішінде наразылыққа шыққан 30 мыңға жуық адам қаза болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Time журналының зерттеуіне сәйкес, Иранда тек 8 және 9 қаңтар күндері 30 мыңға дейін адам қаза тапқан болуы мүмкін. Бұл болжамды басылымға шығаруды Иранның денсаулық сақтау министрлігінің екі қызметкері ұсынған.

“Қаза болған демонстранттардыі көптігі сонша, мемлекеттік қызметтер мәйіттерді тасымалдап үлгермеген, сол себепті оларды жеткізу үшін жедел жәрдем көліктерімен қатар басқа да көліктер пайдаланылған”, – деп мәлімдеді министрлік қызметкерлері.

Алайда Иран билігінің ресми деректеріндегі қаза тапқандардың саны айтарлықтай төмен. 21 қаңтарда ел билігі 3 117 адамның қаза тапқанын мойындады. Тәуелсіз құқық қорғаушылардың жариялаған көрсеткіштерінде де айырмашылықтар бар. АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency агенттігі 5 459 адамның  мерт болғанын растаған. Ал тағы 17 мыңнан астам жағдай қазір тексеріліп жатыр. 

Time журналы хабарлаған 30 мың адамның өлімі туралы деректер Иран дәрігерлері мен құтқарушыларының дайындаған ішкі статистикасымен сәйкес келеді. Бұл деректерді неміс-иран офтальмологы Амир Параста талдаған.

Оның зерттеген материалдарына сәйкес, екі күн ішінде 30 304 адамның қаза тапқаны тіркелген. Алайда әскери ауруханалар мен жеке мәйітханаларға жеткізілген мәйіттер есепке алынбаған. Куәгерлер оқиға кезінде наразылыққа шыққандарға қарсы атыс қаруы қолданылғанын және электр қуатының толық өшірілгенін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу