Иранда наразылық білдірушілер арасында қаза тапқандар санының артуына байланысты Еуропалық одақ пен Ұлыбритания Тегеранға қарсы жаңа санкциялар енгізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ирандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.
«Иранда құрбандар санының артуы үрей туғызады. Мен шамадан тыс күш қолдануды және бостандықтардың шектелуін қатаң айыптаймын», — деп жазды ол.
Фон дер Ляйен Еуроодақтың адам құқықтарын бұзуына байланысты Ислам революциясы сақшылар корпусына (КСИР) қарсы санкциялары қазірдің өзінде бар екенін еске салды. Оның айтуынша, ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас-пен тығыз ынтымақтастықта репрессияға жауапты тұлғаларға қарсы қосымша шектеу шаралары ұсынылады.
«Біз өз бостандығы үшін батыл күресіп жатқан Иран халқымен біргеміз», — деп атап өтті Еурокомиссия басшысы.
Сонымен қатар, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі де Тегеранға қарсы қосымша санкциялар енгізілетінін мәлімдеді.