Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ирандағы жаппай наразылықтар: интернет бұғатталып, блокпосттар қойылды

Әлем
Ирандағы жаппай наразылықтар: интернет бұғатталып, блокпосттар қойылды
Фото: Social Media/REUTERS

Қауіпсіздік күштерінің наразыларды қатаң таратуына және интернеттің бұғатталуына қарамастан, Иранда жаппай шерулер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

9 қаңтарда Тегеран мен елдің өзге де ірі қалаларының көшелеріне мыңдаған адам шықты. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қаза тапқандар саны кемінде 60 адамға жеткен.

AFP агенттігі растаған бейнежазбаларда Тегеранның солтүстігіндегі Саадатабад ауданында наразылар кастрөлдерді соғып, Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеиге бағыттап «Хаменеи өлім!» деген ұрандар айтқаны көрінеді. Жолдан өтіп бара жатқан көліктер наразыларды қолдап, сигнал берген.

Жаппай шерулер аясында билік қала көшелеріндегі бақылауды күшейтті. Тегеранның басты магистральдарының бірінде әр 10 метр сайын автомат асынған күштік құрылым өкілдері тұрған блокпосттар орнатылғаны «Амиркабир» студенттік бюллетенінде хабарланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу