freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ішкі істер министрлігі маңызды үндеу жасады

Қоғам
Ішкі істер министрлігі маңызды үндеу жасады
polisia.kz

Жаңа оқу жылының басталуына орай Ішкі істер министрлігі ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқу жылы басталғаннан кейін балалардың үйден тыс жүретін уақыты көбейеді. Олар мектепке өз бетімен қатынап, үйірмелер мен спорт секцияларына барады. Осыған байланысты полиция жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын еске салды.

ІІМ мәліметінше, оқу жылына дайындық кезінде мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ балаларды тасымалдайтын автобустар тексерілген. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер оқу жылы басталғанға дейін жойылуы тиіс.

Полиция ата-аналарға балаларға мына қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес берді:

  • жолды тек арнайы белгіленген жерден кесіп өту;
  • жолдан өтер кезде телефонға қарамау;
  • құлаққапты шешіп, айналаға мұқият болу;
  • велосипед, мопед және электросамокатпен жүргенде жол қозғалысы ережелерін сақтау;
  • баланың қайда және кіммен жүргенін біліп отыру;
  • қауіпсіздік мәселелері туралы балалармен үнемі сөйлесу.

ІІМ баланың қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда ата-анасына немесе басқа сенімді ересек адамға көмек сұрап жүгіне алуы маңызды екенін атап өтті.

Балаға қауіп төнген жағдайда 102 нөміріне немесе 111 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу